Астанадан Ақтөбеге барған арнайы комиссия 50 мүгедекке протез салып берген

/uploads/thumbnail/20170709100835699_small.jpg

Бір апта бұрын Ақтөбе облысына Елбасы тапсырмасымен барып жұмыс істеп жатқан арнайы тотың осы күнге дейінгі атқарған жұмысы туралы топ жетекшісі, ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов айтып берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

200 шақты маман 7 бағытта жұмыс жүргізіп жатқан топ осы уақытқа дейін жүздеген адамға көмек беріп үлгеріпті.

 «Ақтөбеге барған азаматтардың басым бөлігі мемлекеттік қызметкерлер емес. Олар – дәрігерлер, теологтар, псиxологтар, имамдар, банкирлер мен тағы басқа мамандар. Топ жұмысы бір айға созылады. Негізгі мақсат – жергілікті органдармен бірге сондағы түйткілді мәселелерге тереңірек үңіліп, оны шешу жолдарын іздеу. Әрбір күн, әрбір сағатқа дейін егжей-тегжейлі жоспарланды», - дейді Бас прокурор Ж. Асанов.

Оның айтуынша, алғашқы алты күннің ішінде мектептер мен медреселерде 77 кездесу өтті. Осы шараларға 12 мың адам қатысқан. 820 адам медициналық тексерістен өтті. 50 мүгедекке протез қойылды. 500 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 13 адам жұмысқа тұрғызылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар