Ерекше шаш үлгісі бар екі айлық бала әлем жұртшылығын таң қалдырды

/uploads/thumbnail/20170709102250522_small.jpg

 

Интернетте жаңа жұлдыз пайда болды.  Джуниору Кокс-Нуну атты ішкентай америкалық балақай қалың шашының арқасында әлемді өзіне қаратқан. Бұл туралы topsee.mе сайтына сілтеме жасап  Qamshy.kz порталы хабарлайды.

Тоғыз апта бұрын ғана дүниеге келген бұл балақайды халық Ким Кардашьян туралы сюжет көрсетіліп жатқанда байқап қалған. Тележүргізушілер жұлдызды тонап кеткені туралы айтқан сәтінде эфирде күтпеген жерден Джуниор пайда болған.

Оның анасы Челсидің айтуынша, сәбиі дүниеге келгенінде дәрігерлер де баланың қалың шашына аң-таң болған. Әйел баласымен, тіпті дүкенге барудың өзі мұң екенін жасырмайды. Себебі, сәбиге тесіле қарайтындар көп. Ал желіде балақайды қонжық деп атап кеткен.

Қатысты Мақалалар