АЛЛАНЫҢ ҚҰДЫРЕТІ АРУАҚ БОЛЫП ТА ЖЕТЕ МЕ?

/uploads/thumbnail/20170709123313078_small.jpg

Дұрыс қой бәрі де. Бір Аллаға сиынамыз, Пайғамбардың - үмметіміз. Ата-бабам да сондай болған. Бірақ, жауға шапқанда Алланың атымен емес, ата-бабасының атымен ұрандап шапқанын қайда қоямыз? Аруақ шақыру құдырет болмаса, шешуші сәтте ауызға түсер ме еді? Арқасы қозып, қаны қайнаған батырлар ақырып тұрып ата-бабасының аруағынан көмекке шақырды емес пе? Қуат алды содан. Әлі де болса "Иә, бабам аруағы, жар бола көр!" деп жігіттеріміз жығылған жерінен ыршып тұрмай ма? Бұл не сонда? Бір Алла мен Аруақты қарсы қояйын деп отырған жоқпын. Бірақ, тағдырың шешілер тұста бабаң аруағына басып жіберетінің неден осы,ә? Әлде Алланың құдыреті аруақ болып жете ме екен?

Серік Жанболаттың Фейсбук парақшасынан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар