Павлодарда баласын сабап тастаған келіншек қызын көруге келмеген (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709140340317_small.jpg

Павлодарда қызын ұрып-соққан Нұргүл Докуоваға қатысты іс әкімшілік сотқа жіберілді. Бүлдіршінді аяусыз төмпештеп, видеоға түсірген қатыгез келіншек енді аналық құқығынан айырылуы мүмкін. Ал сот шешіміне дейін әкесінің тәрбиесіне берілген Айлиннің өзі бүгін сұмдық оқиғадан кейін алғаш рет балабақшаға барды.

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды. 

Нұргүл Докуованы ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық талап-арызды қалалық білім бөлімі түсірген. Бұл істің нүктесі қарашаның 15-і күні қойылмақ. Ал «Балаға қатыгездік көрсету» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іспен полиция айналысуда. Келіншектің ақыл-есінің дұрыстығын анықтайтын сараптамалар тағайындалған. Естеріңізге салсақ, бұрынғы күйеуінен өш алу мақсатымен 3 жасар қызын ұрып жылатып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Ержан Қасымов, Айлиннің ағасы:

– Ешқандай да келісім болмайды. Біз үшін бастысы – баланың қауіпсіздігі. Айлиннің анасы бүгінге дейін бір рет те келген жоқ, хабарласпады да. Сот оны аналық құқығынан айырмаған жағдайда, апелляциялық сотқа шағым жазамыз. Баланы өз қамқорлығымызға алғымыз келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар