Астана қаласында Мәңгілік ел даңғылы, №36 шы және Еңбекшілер көшесі біріктіріліп - Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталатын болды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы Нұртөре Жүсіптің facebook-тегі жазбасына сүйеніп.
"Астанадағы Орынбор даңғылы - Мәңгілік ел даңғылы, №36 шы және Еңбекшілер көшесі біріктіріліп - Әлихан Бөкейхан даңғылы деп аталатын болды. Бұқар Жырауға, Нияз биге, Кенен Әзірбаевқа, Бейімбет Майлинге, Ханшайым Сүйінбикеге, Темірбек Жүргеновке, Сұлтанбек Қожановқа, Рабиға Есімжановаға, Сәкен Жүнісовке, Қайым Мұхамедхановқа бір-бір жаңа көше бұйырды", - деп жазған "Айқын" газетінің бас редакторы өз парақшасында.
Еске салатын болсақ, биыл Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр.
Пікір қалдыру