Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский партизан әйел Зоя Космодемьянская және 28 батыр панфиловшыларды «әулиелеріміз» деп атады. Оның сөзінше оларға әулиелердің өміріне қарағандай қарау керек екен. Аталған батырлардың өміріне күдікпен қарағандар тозақ отында жанатын болады деп уәде берді министр, деп жазады BBC-дің орыс қызметі.
КСРО батыры Зоя Космодемьянская 1941 жылы 29 қараша айында немістердің қолынан қаза тапқан. Ол жайлы тамаша фильм түсіруге болады дейді министр.
«Қатардағы жауынгер Райанды құтқару» бар да барлаушы Космодемьянскаяны құтқаруға ешкімнің құлқы жоқ. Түсінікті тілмен өмір баянын айтатын «Зояға деген құштарлық» атты кино түсіруге болады деп ұсыныс та тастаған.
Режиссер Ким Дружинин мен Андрей Шальопа мәдениет министрінің қолдауымен «28 панфиловшылар» атты кино түсірген. Фильмнің тұсаукесері 16 қарашада өткен. Фильм бюджетінің – 33 млн рублі (фильмге жұмсалған қаржының жартысы) краудфандинг тәсілімен жиналған екен
Министр «Зоя Космодемьянская және батыр-панфиловшылар біз үшін өмірін қиған басқа да бабаларымыз сияқты батырларымыз»,- деп сенеді.
Министр сондай-ақ, 28 батыр панфиловшылар жайлы тарих басынан аяғына дейін ойдан шығарылса да «Ол ешкім тиісуге болмайтын қасиетті аңыз» деп баса айтқан. Ал, тисетіндер нағыз оңбаған адамдар дейді