Таразда соққыға жығылған депутат оқиға туралы айтып берді

/uploads/thumbnail/20250515121237575_big.webp

Алматы облысы Іле ауданының мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев Таразда соққыға жығылған оқиғаға туралы айтып берді.

2024 жылғы 13 мамыр күні Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев ауыр соққыға жығылды. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық Полиция департаменті растады.

Оқиға туралы ақпарат 14 мамырда жарияланды. Байғазиев бет жарақатымен ауруханаға жеткізілген, алайда медициналық мекемеде ем алудан бас тартқан.


Оқиғаның жай-жапсары

Тілшілермен сөйлескен депутат Нұрлан Байғазиев жұмыс сапарымен Таразда жүргенін айтты. Ол қаладағы дәмханалардың бірінде заңгер ретінде клиенттерімен кездесіп отырған. Сол сәтте ұялы телефонының қуаты таусылып, құрылғысын қуаттау үшін жанындағы үстелге — отбасымен отырған адамдардың жанына қойған.

"Сол кезде әлгі ер адам маған телефонды сол жерге қоюға тыйым салды. Арадағы келіспеушілік жанжалға ұласып, ол мені ұрып жіберді. Мен құлаған соң да соққыны жалғастырды. Бұл жағдай менімен отырған Бауыржанның көз алдында болды. Ол шабуылдаушыны әрең тоқтатты және полиция шақырды. Мен есімнен танып қалыппын. Кейін маған жерде жатқанымда да тепкенін айтты", – деді депутат Байғазиев.

Депутаттың айтуынша, жанжал сәті оның ұялы телефонының камерасына түсіп қалған. Қазіргі уақытта бұл видео материал құқық қорғау органдарына тапсырылды ма — нақты мәлімет жоқ.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғаны немесе күдіктінің кім екені жөнінде әзірге ресми ақпарат таратқан жоқ.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар