Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесу өткізді.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
"Бүгін президент Мәскеуде жүрген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльде кездесті", – деді Песков.
Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады.