«Болашақтық» журналистердің қатары көбейіп келеді

/uploads/thumbnail/20170709184819705_small.jpg

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылы ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қаулысымен құрылды. Алғашқы жылдары бағдарлама стипендиаттары тек  төрт елде ғана оқыған. Олар -  АҚШ, Ұлыбритания, Германия жəне Франция.

Қазіргі таңда қазақстандық жастар әлемнің 17 елінде алдыңғы қатарлы университеттерінде магистратура, доктарантура бойынша оқып, дүние жүзіндегі ірі өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өте алады.

2014 жылы «Болашақ» бағдарламасының мамандықтар тізіміне журналист мамандығы кірген болатын. Сол уақыттан бері көптеген журналистер шет елде білім алып, отандық журналистиканың дамуына үлесін қосып жүр.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының ең соңғы үшінші легінің журналист стипендиаттары анықталды. Олардың барлығы дерлік қазақстандық БАҚ-та еңбек етіп жүрген талантты тілшілер.

 

Дайрабаева Гүлмира Тынышбекқызы

Әлжан Ақсәуле Қанатқызы

Бекзат Жүсіп

Әренова Роза Сексенбайқызы

 

2016 жылы стипендия 544 адамға тағайындалған.

Стипендиаттардың толық тізімін bolashak.gov.kz сілтемесі бойынша көре аласыздар. 

Қатысты Мақалалар