Қатты боранға байланысты 60 көлік таңғы 8-ге дейін жолдың ашылуын күтіп тұрған. Оның ішінде 36 жеңіл көлік, 8 жүк көлігі бар. Аталған көліктерде 81 адам болған, оның 5 бала деп хабарлайды kazinfo.today. «Казавтодор» АҚ облыстық филиалының мәліметінше өткен түнде, сағат 22.30 шамасында Ақкөл ауданының маңында көлік кептелісі пайда болды. Төтенше жағдайлар департаменті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатты бораннан жол көрінбей қалғандықтан, жолды жабуға тура келді. 23.00 барлық көлік Ақкөлге келіп, 62 адам (жүргізушілер, жолаушылар) жылыту пунктеріне орналастырылды. Атап айтсақ - «Клондайк», «Шарм» қонақ үйіне. Аудан әкімдігі оларды ыстық тамақпен қамтамасыз етті.
Дәл осындай жағдай Атбасар ауданында да орын алды. Кешкі сағат 16.15 Атбасар-Көкшетау жолы жабылған. Соның салдарынан 10 жеңіл көлік, 2 жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай қалған. Онда 17 адам болды. Жүргізушілер мен жолаушылар жылыту орындарына барудан бас тартқан. Тек бір жеңіл көлік №11 Аграрлық-техникалық колледжіне орналастырылды. Бурабайдың жылыту пунктеріне 2 адам ауыр жүк көлігімен барған. Ал Щучинскіде 2 адам мектеп интернатына орналастырылды.