Ақтауда 22 кг марихуана табылды

/uploads/thumbnail/20170709184919356_small.jpg

Арнайы операция кезінде, Ақтауда Қырғызстаннан әкелінген 22 кг марихуана табылды деп хабарлайды i-news.kz.

Маңғыстау облысының ІІД Нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы Ақтауда Қырғызстанның 22 кг марихуанасын тапқан.  

Ведомстваның мәліметінше, екі ер адам ұсталды. Оның екеуі Жамбыл облысының тұрғындары. Ұсталғандар отырған «Лада» көлігінде 6 кг анаша табылды. Іздестіру барысында тағы 16 кг анаша шыққан.

«Марихуананы Қырғызстанмен шектесетін оңтүсік аймақтан кіргізген. Одан кейін оны Ақтауға алып келген. Тексеріс барысында марихуана «Индюха» сұрыпы екені анықталды. Онда «тетрагидроканнабинол» өте көп мөлшерде болады. 4 адамды қамауда ұстау туралы үкім шығарылды. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп хабарайды Нашақорлыққа қарсы басқарманың баспасөз қызметі.   

 

 

Қатысты Мақалалар