«Мисс Қазақстан-2016» жеңімпазы анықталды

/uploads/thumbnail/20170709184954669_small.jpg

Қызылордалық Гүлбану Әзімхан «Мисс Қазақстан-2016» атағын жеңіп алды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанның ең сұлу аруына тәжді Мәжіліс депутаты, қазылар алқасының мүшесі Зағипа Балиева кигізді. Тәжбен қоса, жеңімпазға 5 миллион теңге мен «Әлем аруы-2017» байқауына жолдама табыс етілді.

Бірінші орынды «Астана аруы» Елназ Нұрсеитова иемденді. Екінші орынды көкшетаулық Жанар Найманбаева жеңіп алды, көшбасшы үштікті «Өскемен аруы» Анастасия Усольцева тәмәмдайды.  

Қазылар алқасының құрамында Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева, Рио Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған Василий Левит,  «Elle Kazakhstan» бас редакторы Карина Искакова, «Астана Опера» театрының директоры Тұрсынбек Нұрқалиев, «Алтын Орда» компаниясының басшысы Ырза Тұрсынзада, Астананың Мәслихат депутаты Асхат Оралов және актер, шоумен Ануар Нұрпеисов бар.

Үздік сегіздікке 19 жасар Гүлжан Даулетова, «Мисс Астана-2016» 18 жасар Елназ Нұрсеитова, көкшетаулық Жанар Найманбаева, 19 жасар Айткүл Нұрманова, «Қызылорда аруы» Гүлбану Әзімханова кірді.   

Конкурстың ең кішкентай қатысушысы – 16 жасар Аруна Сағатбекова. №5 мектеп-лицейінің оқушысы.

«Мисс Қазақстан-2016» байқауында күтпеген жағдайлар да болды. Аталмыш конкурстың жүргізушісі Сүндет Байғожин қатысушы қызға үйленуге ұсыныс жасады. Оның таңдауы атыраулық 19 жасар ару Айткүл Нұрмановаға түсті.

«Мисс Қазақстан-2016» байқауына 25 ару қатысты. Конкурс Астана қаласында өтті.

 

Қатысты Мақалалар