Канадалық орыстар «Орыстар соғыс болғанын қаламайды» деп ән шырқады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709185036895_small.jpg

Канаданың астанасы Торонто қаласының орталық вокзалында жергілік орыстар кеңестік уақыттың "Орыстар соғыс болғанын қалайды ма?" деген танымал әнін шырқап, флешмоб ұйымдастырды. Акцияның мазмұны орыс тілін түсінбейтіндерге ұғынықты болуы үшін қатысушылар қолдарында аударма жазылған плакаттарды ұстап тұрды.

"Орыс Канадасы" тобының жетекшісі, аталмыш акцияның ұйымдастырушысы Леон Мицнер "Facebook" парақшасында былай деп жазды: "Қымбатты достар, жиналып, флешмоб ұйымдастырғандарыңыз үшін көп рақмет! Бізді қолдағандарға ерекше алғыс білдіргім келеді. Мәскеуді қорғаған жандар сезінген күйді бүгін де біз де сезіндік". 

Видеоның толық нұсқасы: https://www.facebook.com/100012732918100/videos/237424856691943/

Қатысты Мақалалар