«Жыныстық бопса» жасады деп министрді айыптаған Сыдықова мәселені енді ушықтырғысы келмейтінін айтты(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709185346139_small.jpg

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын "жыныстық бопсалады" деп айыптаған Еңлік Сыдықованың жаңа мәлімдемесі пайда болды.

Видеода Еңлік Сыдықова "Феникс" фильмінің режиссерлерінің өз сөздерін жоққа шығарып, өз кінәларын мойындағандықтан, бұл істі жалғастыруға қажеттілік жоқ деп есептеймін. "Мен енді пікір білдіріп, сұхбаттар бергім келмейді", - дейді.

Видеоны Facebook-те бөліскен Sholpan Ali есімді желі қолданушының жазуынша, аталған видео Whatsapp messenger арқылы таралған. Алайда, бұған дейін Facebook парақшасында белсенді жазбалар жариалап жүрген Еңлік Сыдықова арнайы мәлімдеме жасамаған. Ол бұған дейін бірнеше рет үйінің маңын әлдекімдер торуылдап жүргенін жазған еді.

Айта кетер болсақ, Еңілік Сыдықованы қолдап сөйлеген халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та істі болған еді.

Қатысты Мақалалар