Берлиннің тергеушілері дүйсенбі күні кешке рождестволық жәрмеңкеге жүк көлігінің соғысуы әдейі жасалынған деп тоқтамға келді. Бұл туралы Берлин полициясының ресми твиттер парақшасында жарияланды.
Жүк көлігінің жүргізушісі Польша азаматы болғанын полиция растады. Дүйсенбі күні, кешкі уақытта полиция жүк көлігінің иесін тұтқындаған. Көліктегі екінші адам өлі күйінде табылды.
19 желтоқсанда Берлиндегі Кайзер Вильгелмнің Мемориалды шіркеуінің маңында өткен рождестволық жәрмеңкеге барған адамдарға жүк көлігі соғысқан. Оқиға жергілікті уақыт бойынша кешкі 8-де болған.
DPA агенттігі полицияға сілтеме бере отырып, жүк көлігінің жәрменкенің шекарасымен 50-80 метрге дейін сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен жүрген.
Бір топ адамды қаққан жүк көлігі жүк тасымалымен айналысатын польшалық компанияның меншігі. Оның басшысы қайғылы оқиғаға бірнеше сағат қалғанға дейін олар жүргізушімен байланысты үзіп алғанын айтты.
Соңғы мәліметтерге сай, қайтыс болғандардың саны 12 адамға жеткен. 50-і ауруханада.
Берлиннің ішкі істер сенаторы Андреас Гайзель бұған дейін оқиға шабуыл болды ма әлде кездейсоқ жағдай екені белгісіз деген болатын.
,