Видеода ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевке қатты ұқсайтын адам Қарағанды қаласының Мәслихат депутаты Николай Полевойды тергеп, таяқ астына алуда. Полевой өзінің Мұхтар мырзаның арқасында депутат болғанын, оны ешқашан сатпағанын, әрқашан адал болғанын айтып ақталумен болды. Видеода ғайбат сөздер көп айтылатындығын ескерткіміз келеді.