Ұсталған Нұрлан Хасенов Әблязовтар отбасының Қазақстанға экстрадициялау туралы іске қатысы бар болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709191707031_small.jpg

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевпен бірге ұсталған Нұрлан Хасеновке қатысты Италияда іс қозғалған деп хабарлайды corriere.it. Нұрлан Хасенов  Қазақстанның Италиядағы елшілігінде жұмыс істегенін еске саламыз.

2013 жылы экс-банкир Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен оның қызы Алуа Әблязова Қазақстанға экстрадицияланған. Алайда оны адам ұрлауға балап, экстрадицияны заңсыз деп тапты. Осы іске байланысты Рим прокуратурасында үш қазақстандық дипломатқа қатысты іс қозғалған. Оның ішінде Нұрлан Хасеновте бар. Алайда істің немен аяқталғаны белгісіз.

Естеріңіз сала кетейік 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде («Мемлекеттік құпияларды жария ету») және 362-бабының 3-бөлімінде («Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстары жасады деген күдікпен  Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамалды.

 

Аты аталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асырылуда.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар