Иракта жаппай шабуылдар басталды

/uploads/thumbnail/20170709191835327_small.jpg

Ирак күштері Мосулдегі «Ислам мемлекетіне» шабуыл жасай бастады деп хабарлайды bbc.com. Оларды шығыс аймаққа шегінуге мәжбүр етті. Бұл қазан айында басталған ұрыстағы екінші шабуыл.

Ирак күші үш салада жетістікке жетіп, қалада жаңа екі майдан шебін аша алды.

Соңғы шабуылдар «Ислам мемлекеті» содырларының бірігуіне кедергі келтірді.

Шабуыл кезінде бейбіт тұрғындар мерт болуы мүмкін еді. Аурухананың көлік тұрағын әуеден шабуыл жасалған. 

Бұл атыс соңғы бірнеше аптада орнаған тыныштықты бұзған еді. Мосулдың шығыс бөлігіндегі спецназ командирі, генерал-лейтенант Абдул-Вахаб Аль-Саади әскер қатары тағы бірнеше адаммен толыққаннан кейін ғана шабуыл жасалғанын хабарлады. Тигрдегі көпір дүйсенбі күні әуе шабуылынан кейін істен шыққан. Мосулде 5 көпір болған. БҰҰ көпірлерді қирату бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді қиындату мүмкін екенін бұған дейін ескерткен.

Мосулды «Ислам мемлекетінен» азат ету үшін   шабуыл 17 қазанда басталды. Джихадшыларшылардың  қоршауында болған қаланы  2 жыл өткеннен кейін ИМ содырлары басып алды. Ирактың солтүстік және батыс аймағын жаулап алу операциясы Мосулдан басталған еді. Ирак әскері ИМ содырларына қарсы толассыз шабуыл жасағаннан кейін  басып алу процесі тежеуілдеді. Оған Ирактың қауіпсіздік күштері, күрдтің «Пешмерга» қару күші, араб суннит тайпалары және шиіт жасақтары қатысты.  Мосулдың 100 мыңнан астам тұрғыны өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл көрсеткіш өсуі әбден мүмкін.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар