Украина Ресейге қарсы жаңа санкция салды

/uploads/thumbnail/20170709191845234_small.jpg

Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі бейсенбі күні Ресейдің ресми тұлғаларына қатысты жаңа санкция салу туралы қаулы шығарды деп хабарлайды bbc.com.

ҰҚҚК баспасөз мәлімдемесінде «Басып алынған Қырым автаномиялы республикасы мен Севастополь қаласында Ресейдің мемлекеттік думасына заңсыз сайланғандарға қарсы санкция салынды. Дәлірек айтсақ, Ресей заңы бойынша заңсыз қайта тіркелген Қырымдағы украиндық сайлау комиссиясының мүшелеріне» деп көрсетілген.  

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шешімінде нақты адамдардың аты-жөні келтірілмейді. Алайда жаңа санкция салынған адамдардың санаты айтылады.

Санкция Ресейде Украина азаматтарын заңсыз ұстауға қатысы бар сот пен құқыққорғау органдарына салынады.

Шет елге қашып кетіп, іздестіріліп жатқан Украинаның бұрыңғы басшылары жөнінде бөлек айтылады. Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына бағытталған террористік әрекеттерді қаржыландырды деген айыппен ҰҚҚК оларға қарсы санкция салды.

Қыркүйек айында Украинаның Жоғары Радасы Қырымда өткен сайлауды заңсыз деп тапты.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар