Ержан Мадиярұлы – Дариға-ай(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709192030667_small.jpg

Назарларыңызға, Музарт тобы орындаған "Дариға-ай" әнін авторы Ержан Мадиярұлының өз орындауында ұсынамыз. Ол, Қытай қазақтары арасында танымал әнші, сазгер.

МузАрт тобы - Дариға-ай (2016)

Құлпырған кезің сыр тұңған көзің
Сұлусың неткен Дариға-ай
Балқыған сезім балауса өзің
Гүлімсің көктем Дариға-ай
Жамалын таңдай жанарың талмай
Қарадым ұзақ Дариға-ай
Жаныңнан шалғай амалым қалмай
Барамын ұзап Дариға-ай

Қайырмасы:
Ай мүсін еркем ләйлісің көркем
Бұрымын қандай Дариға-ай
Жанымның дерті едің жүректің өрті едің
Қылығың балдай Дариға-ай

Бұлаңдап өскен көкейді тескен
Сағынған арман Дариға-ай
Самал жел ескен сонау бір кештен
Жадымда қалған Дариға-ай
Сыңғырлап шолпын күнді ұрлап көркін
Майысып келсем Дариға-ай
Көңілде толқын қолыңнан солпын
Шай ішіп көрсем Дариға-ай

Қайырмасы:
Ай мүсін еркем ләйлісің көркем
Бұрымын қандай Дариға-ай
Жанымның дерті едің жүректің өрті едің
Қылығың балдай Дариға-ай

Бұралып белің сыланып керін
Керіліп тұрса Дариға-ай
Көңілде сенің төріңде сенің
Серіліп құрсам Дариға-ай

Қайырмасы:
Ай мүсін еркем ләйлісің көркем
Бұрымын қандай Дариға-ай
Жанымның дерті едің жүректің өрті едің
Қылығың балдай Дариға-ай
Жанымның дерті едің жүректің өрті едің
Қылығың балдай Дариға-ай

Қатысты Мақалалар