Өзбек басшысы жаңа жылдық құттықтауын орысша бастады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709192118799_small.JPG

Кеше өзбек басшысы Шавқат Мирзиеев Өзбекстан халқын телеэфир арқылы жаңа жылмен құттықтады. Бір қызығы Ш.  Мирзиеев жылдағы дәстүрді бұзып, құттықтауын орыс тілінде бастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұрын Өзбекстан президенті жаңа жылдық құттықтауын алдымен өзбек, сосын орыс тілінде айтып келген.

«Өтіп бара жатқан жылы біздің елде жарқын сәттер, қуанышты күндер, жетістіктер көп болды. Ауыр сынақтар да болмай қалмады. Бірақ, ол сынақ бізді одан әрі біріктіре түсті. Сөйтіп біз барлық қиындықты халқымыздың батылдығы мен төзімділігі арқасында жеңіп шықтық», - деген Ш. Мирзиеев 2017 жылдың Өзбекстанда Халықпен диалог және адам мүдделері жылы деп жарияланғанын хабарлаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар