Мұхамеджан Тазабек «Алыстап кеткен жылдарын» еске алды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709193126330_small.jpg

Айтыс ақыны ретінде халыққа танылған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде 20 жылдай уақыт бұрынғы айтысынан үзінді бөлісті. Ақын видеоға түсініктеме ретінде «1998 жыл, 9 мамырдағы «Супер-дода» айтысынан үзінді...
«Ақырын-ақырын шегініп, алыстап кетті-ау сол жырлар»...»
деп жазды.

Айта кетер болсақ, ақын 9 желтоқсан күні де айтысынан үзінді бөліскен болатын. Жұрт көзіне көптен домбыра ұстап көрінбеген ол «Желтоқсан рухын» насихаттаған айтысынан үзіндіні жариялаған еді.

Соңғы он жылда әнімен, айтысымен сахнадан көрінбей кеткен Мұхамеджан Оразбайұлы қазір діндарлығымен танымал. Оның дінге бет бұруы «Қазақстан» ұлттық телеарнасында 2001-2002 жылдары оның жүргізуімен жарық көрген «Жұмадағы жүздесу» хабарынан басталса керек.

Қазір ақын Мұхамеджан Тазабек еліміздегі кабелдік телеарналардың бірі, Ислам дінін үгіттейтін «Асыл арна» телеарнасының директоры.

Қатысты Мақалалар