ОҚО Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы құлағы нашар еститін балалар мектеп-интернатында шу шықты деп хабарлайды жергілікті «Отырар ТV». Аталмыш білім ордасының ұстаздары директор орынбасары Аян Рысбаеваның қызметке қайтадан келуіне байланысты наразылық шарасын өткізіп жатыр. Олардың айтуынша, сот дұрыс шешім шығармаған. Аян Рысбаева өзін қызметін асыра пайдаланып, мектеп мұғалімдерін өзінің жеке мақсатында жұмсап, пайдаланған. Біріне су тасы деп тапсырма берсе, біріне 5000 теңгесіз сабақ кестесін мақұлдап бермеген.


Директордың орынбасарынан көресінді көрдік деген олар жыларман халде. Оқу ордасының директорының өзі орынбасарынан сескенетін жеткізді. Жергілікті БАҚ түсірген мына бейнежазылым youtube-та 150 000 рет көріліпті.