Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат Хамитов "Найман" қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығып, жаттың етегін ұстаған қарагөздерімізге қатысты пікір білдірді. Ол өзінің Instagram парақшасында:
«Ұлттың көзін жою үшін ол елдің әйелдерін азғындау қажет. Сонда олар нағыз қаһармандарды тәрбиелей алмайды.
О, менің халқым! Ата-бабамыз ұрпағы тәні мен жанын, Отанын сатсын деп қасық қаны қалғанша жаумен күресіп, аналарымыз ұлдарынан айырылған жоқ. Ерлеріміз сол үшін қолдарына найза алып, тыста жүрген жоқ. Бүгінгі таңда көзімізше әйелдерімізді алып кетіп бара жатқанға масқаралықпен қарап отырсын деген жоқ. Ақша үшін қарындастарымыздың жат елге кетуіне қалай жол беріп алдық? Жақсы өмірден безіп, бізден кетіп жатқан жоқ. Бүгінде Отанын сүйетін, балалары мен ұлдарын сүйетін жандар қайда? Қолымнан бірдеңе келсе, онда бірде бір қазақтың қызы аттың басындай алтын берсе де қытайға үйленбес еді! Қабанбай бабаларымыздың заманында дүниеге келмегінім өкінішті. Әйтпесе, тіпті, біздің әйелдерімізге үйленуге ойы бар адамның басын алар едім. Ал бұл иттер кезінде кімнен қашқанын және мына ұлы қытай қақпаларын не үшін соққандарын ұмытпасын! (Мен өлсем өлейін, бірақ елімнің өлуіне жол бермеңдер!)»– деп жазды.

Желі қолданушалыры қызу талқылап, бірі жақтаса, бірі даттады. Оған сын айтып, іспен дәлелдеу керектігін де айтқандар болды. Ал, басқалары онымен келісетінін айтып, нағыз еркекке балады.