"Алатау алабында" атты этнофестиваль мәресіне жетті

/uploads/thumbnail/20170709205319075_small.JPG

29-шы қаңтардан 8 ақпанға дейін болған "Алатау алабында" атты этнофестиваль мәресіне жетті.

Он күн бойы Алматылықтар мен қала қонақтарына дәстүрлі өнердің, дәстүрлі музыканың жауһарларын көрсеткен этнофестиваль көне және жаңа қолөнер бұйымдырының жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар мен салт-дәсүрлер инсталяциясының орталығына айналды. Ең бастысы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының 700 орындық саxнасында 10 күн бойы әуелеген ән салынып, күмбірлеген күй тартылды.

"Алатау алабында" этнофестивалі 28-бүкіл дүниежүзілік универсиада қарсаңында қаламызда өткен мәдени шаралардың ішіндегі шоқтығы биік, сыпаты бөлек өнер мерекесі болды.

Қатысты Мақалалар