ЕРЛАН ҚАРИН «ҚАЗАҚСТАН ТЕЛЕРАДИОКОРПОРАЦИЯСЫ» БАСШЫЛЫҒЫНА КЕЛДІ

/uploads/thumbnail/20170709205325614_small.jpg

Қазақстандағы басты қазақ тілді телеарна «Қазақстан» телерадиокорпорациясына Ерлан Қарин төраға болып тағайындалды.

Бұған дейін, 2016 жылдың 1 қазанынан бастап «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы қызметін атқарған Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы 24 қаңтарда аталған қызметтен кетті.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин – мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым. 2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған. Айта кетер болсақ, Ерлан Тынымбайұлы басшылыққа келгеннен кейін, ҚСЗИ – әлемнің 6 мыңнан астам сараптамалық институттары мен орталықтарының ішінде үздік 150-ге кірді.

Таныстыра кететін болсақ, Ерлан Қарин 26 мамыр күні 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша оқыған,

1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіндегі ішкі саяси аспектілер").

1996—1998 жылдары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім болған.

1998—2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары.

2000-2003 Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2004 жылдан 2006 жыл аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі.

2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында Нұр-Отан партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болды.

2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған.

Ол, қызмет атқарған әр жылдарда Алаш зиялыларының еңбегін зерттеді. Олардың өмір жолдарына арналған кітаптар шығаруға түрткі болды. «Алашорда» атты көркем суретті альбом кітап шығарды. Сынтастарды зерттеді. 

Қатысты Мақалалар