Дін қызметкері саунада жеңіл жүрісті қыздармен демаламын деп көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709205351679_small.jpg

Украинадағы Клирик Киевтік эпархия провославтық шіркеуінің 26 жастағы дін қызметкері Иоанн Корнута Киев маңындағы Броварах деп аталатын демалыс орнынан өлі күйде табылған.

Діндар саунада жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтеріп жатқан кезінде көз жұмған, бірге болған қыздар дін қызметкерін тонап та кеткен, деп хабарлайды politolog.net, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Иоанн Корнута әкейдің денесін сауна қызметкерлері тауып алып, құқық қорғау органдарына хабар берген. Белгілі болғандай, жеңіл жүрісті қыздар Иоаннмен бірге саунаға келіп, онымен уақыт өткізген, кейіннен дін қызметкерін тонап, заттарының барлығын алып, өзін өлі күйінде тастап кеткен.

Діндардың қалта телефоны мен мойнына тағатын бағалы алқасы жоғалған. Саунаға келген сәтінде бейнебақылау камералары арқылы оның мойынында қымбат әшекей болғаны анықталды. Зерттеу жұмыстары барысында Иван Иванович Корнутаның атына берілген жүргізуші куәлігі табылған, ол Закарпат облысының тумасы екен.

Экспертиза қорытындысы бойынша, сенбіде жан тәсілім еткен дін өкілінің көз жұмуына жүрегінің тоқтап қалуы себеп болған.

Иоанн әкейдің туыстары тонау мәселесіне қатысты ешқандай да арыз-шағым түсірмесе де, құқық қорғау органдары діндармен бірге болған қыздарды іздестіруде. «Дін өкілінің қалай көз жұмғандығы жайлы ол қыздар мәлімдеме беруі тиіс», - деп мәлімдеді полиция қызметкері Николай Жукович.

Иоанның әріптестерінің айтуынша, полиция қызметкерлері мұндай жағдайда, яғни жеңіл жүрісті қыздармен көңіл көтеріп, қаза тапқаны үшін қарғыс айтпақшы екен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар