30 жастағы әйел 60 жастағы көңілдесінен $100 000 талап етіп, бермеген жағдайда әлеуметтік желілерге интимдік суреттерін жариялаймын деп қорқытып отыр, деп хабарлайды informburo.kz, ақпараттың қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
1957 жылғы ер адам көңілдесінен мұндай хабарлама алғаннан соң өзі барып полияцияға шағымданған. Нәтижесінде, әлеуметтік желілерге уятсыз сурет таратамын деп бопсалаған әйел ақшаны алып жатқан кезінде қолға түскен. ҚР Қылмыстық Кодексінің 194 бабы бойынша «қорқытып ақша алу» айыбы тағылған.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2016 жылы ОҚО-да 5 осындай мазмұндағы қылмыс тіркелген. Сонымен қатар барлық қылмыстар қылмыскерлер мен әлеуметтік желі құрбандарының танысуынан кейін болған.
«2016 жылдың соңында Сарыағаш аудандық полиция басқармасына 26 жастағы бойжеткен жеке басына қатысты суреттерін интернет желісіне жариялаймын деп қорқытып, 800 000 теңге көлемінде ақша талап етіп отырғандығын айтып шағымданған болатын. Іздеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 1983 жылғы сол жердің тұрғынын қолға түсті. Айыпталушы бұл іс-әрекетін өзінің материалдық жағдайын жақсартпақ болдым деп түсіндірді. Дәлел ретінде тергеу барысында қомақты қаржы, фотосуреттер мен видеолар тәркіленді. Қылмыскер ұсталды, ендігі кезекте сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп, ОҚО Ішкі Істер Департаментінің мемлекеттік тіл мен ақпараттарды дамыту бөлісінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова былтырғы жылдың соңында болған жағдайды мысалға келтіре отырып, мәлімдеме жасады.
23 қаңтар күні Сарыағаш ауданының тағы бір тұрғынын дәл осындай айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырған. 31 жастағы ер азамат өткен жылдың тамыз айында бір әйелмен танысып, ары қарай екеуінің қарым-қатынасы махаббатқа ұласқан. Алайда, бір күні қонақүйдегі кездесуде ер адам әйелден 10 миллион теңге талап етіп, бермеген жағдайда оның интимдік суреттерін интернет желісіне таратамын деп қорқытқан. Соттың шешімін естіген кезде бес баласы бар еркек көз жасына ерік беріпті.
Пікір қалдыру