ШҚО мен Ақтөбеде ҚР ІІМ мен МКД шенділері тұтқынға алынды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709205528107_small.jpg

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері Мемлекеттің Кіріс Департаменті мен Ішкі Істер Министрлігінің шенділерін қолға түсірді, деп хабарлайды zakon.kz, ақпараттың қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Ішкі істер министрлігінің Батыс әскери тергеу департаменті облыстық басқару бөлімінің Ақтөбелік басшысы Абдуллаев С. Әшкере болды. Ол ҰҚК-ның әскери қызметкерлерін жауапқа тартпау үшін олардан 20 миллион теңге қаржы талап еткен. Абдуллаев С. Ұсталып, Ақтөбе қаласындағы уақытша қамау изоляторына жеткізілді.

Параның бір бөлігін, яғни 700 мың қаржыны алып жатқан жерінен қолға түскен.

Сонымен қатар, Аякөз ауданының Мемлекеттік Кіріс Департаментінің басшысына 250 мың теңге көлемінде пара ұсынған ШҚО-дағы осы мекеменің коменданты Қожаева Ж. Ұсталды.

Мұндай сыйақыны жасауының себебі - Аякөздегі орталық базарда алкагольді ішімдіктерді сатуға рұқсат етіп, жалпы өзінің қамқорлығына алуы екен.

Қожаева Ж. Аякөз ауданындағы уақытша қамау изоляторына жеткізілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар