25 жылдық үзілістен кейін Душанбе мен Ташкент арасында алғаш рет жолаушылар ұшағы ұшты. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі жазды.
Тәжік әуекомпаниясы "Сомон Эйр" техникалық ұшудың болғанын хабарлап, штатты ұшу 20 ақпаннан басталатынын хабарлаған. Сонымен қатар Өзбекстанның басқа да қалаларына рейстер ашу жоспарланған.
Әзірге Душанбеден Ташкентке тек дүйсенбі күндері ұшатын ғана рейс ашылды.
Наурыз айының соңына қарай рейстер санын аптасына екі ретке көбейту жоспарлануда, жолаушылар Бейсенбі күні де ұшып келе алады.
Айта кетер болсақ, Совет одағынан шыққан екі елдің арасында күні бүгінге дейін әуе және автобусты жолаушылар қатынасы орнамаған. Екі ел арасындағы әуе тасымалы 1993 жылы саяси шиеленістен кейін тоқтатылған. Екі ел азаматтар әлі күнге визалық режиммен барыс келіс жасайды.
Пікір қалдыру