Ауғанстанның Гильменд аумағында лаңкес өзін-өзі жарып жіберді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Салдарынан 11 адам қаза тапты. Тағы 21 тұрғын жарақат алған. Белгілі болғаны, қаскөй әскери күзетшіні өлтірмек болған. Әзірге қанды оқиғаны ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ.
Айта кетейік, елде кейінгі кезде жағдай ушығып тұр. «Талибан» қозғалысының өкілдері бұрын елді мекендерде арам ойын жүзеге асырса, енді ірі қалаларға ауыз сала бастаған. Оған қоса «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы» да белсенділік танытып жүр.
Пікір қалдыру