ҰҚК Алматы облысында теракт жасамақ болған 15 адам ұсталғанын хабарлады

/uploads/thumbnail/20170709205933202_small.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 қаңтар аралығында Алматыда және Алматы облысы маңындағы аудандарда бірқатар арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірлесе 13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысы маңындағы аудандарда бірқатар арнайы операциялар жүргізді.    

     2 радикалды топ пен діни-экстремистік идеологияны ұстанушы 6 адамның іс-әрекеті бейтараптандырылды.

Терроризмді насихаттау, террористік іс-әрекетке қатысуға дайындалу, діни алауыздықты қоздыру және қаруды заңсыз  сақтауға қатысты деген айыппен барлығы 15 адам қамауға алынды. 

Ұсталғандардың тұратын мекенжайларын тінту барысында         5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың атрибутикасы, діни мазмұндағы әдебиет және ақпаратты электронды тасымалдауыштар тәркіленді.

Тергеу іс-қимылдары жалғасуда.

Көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру сонымен қатар «Универсиада-2017» жарысын өткізу кезінде қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етуге  ықпал жасады», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ қазіргі уақытта тергеу іс-қимылдарының жалғасып жатқаны хабарланып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар