Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл!!!
Биыл Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл. Егемендік идеясын алғаш рет іс жүзіне асыруды қолға алған алаштықтар еңбегі ескерусіз қалмақ емес. Бұл атаулы жылды бүкіл ел болып өз деңгейінде өткізбесек, елдігімізге сын. Осы мақсатта ел үкіметі де бірқатар шаралар қабылдап, мемлекеттік деңгейде тойлауды қолға алуда. Біз, қазақстандықтар, бəріміз бұл ерекше мерекені зор ықыласпен атап өтуіміз қажет жəне жалпыхалықтық айтулы іс-шаралар өткізуді бүгіннен бастағанымыз жөн.
Қазақ Географиялық Қоғамы айтулы шарадан қағыс қалмай, Өздеріңізден Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орай өткізілуі қажет, келешекте ел керегіне, халық игілігіне жаралық шаралар жобасын күтеді. Ұсыныстарыңызды айтып, пікірлеріңізді білдірсеңіздер, ризалықпен қабылдап, іске асырудың бар мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз (ұсыныстарыңызды Наурыздың 13-іне дейін әлеуметтік желілердегі ресми парақшамызға немесе info@kazgeo.kz поштасына жолдасаңыздар болады).
Алаш тойы - ел тойы. Той құтты болсын, ардақты қауым!
© Қазақ Географиялық Қоғамы
Пікір қалдыру