Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Журналистер Одағының жұмысын жандандыру қажет

/uploads/thumbnail/20170709210107091_small.jpg

Қазақ журналистері "Қазақ тілді кәсіби журналист" атты бірлестік құрған екен. НИЕТ ДҰРЫС. Дұрыс дейтінім, қазақ тілді журналистер қоғамның, тіпті биліктің назарынан тыстау, өз бетімен өмір сүріп келді. Осы күнге дейін қазақ журналистерінің не жазып жатқанын түгендейтін (шетелше айтқанда мониторлайтын) не бір қоғамдық ұйымдар, не билік болмады. Үкіметтік ұйымдар Журналистер күнінде, не республикалық мейрамдарда өздерінің көзіне түскен журналистерді марапаттай салуды әдетке айналдырған. Оларда журналистер туралы "Мынау қоғамның дамуына лайықты үлес қосып жатыр ау" деген квалификациялық ой түстеріне кірген емес. 
Ашығын айтқанда, осы таяуға дейін ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ" атты қоғам өмір сүріп келген. 
Оны басқарған Сейтқазы МАТАЕВ мырза туралы жаман ой, пікір білдіру тіпті ниетімде жоқ. Дегенмен, қай кезеңде де, ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ еңбектеріне көңіл бөлінбеді.
ӘКЕЛІ БАЛАЛЫ МАТАЕВТАРДЫҢ ҚАМАУДА ОТЫРҒАНЫ ЖУРНАЛИСТЕР ҚОҒАМЫ ҮШІН ҮЛКЕН ӨКІНІШ!  Бірақ,, тағдырдың бұйрығы солай болғаннан кейін, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫН қараусыз қалдыруға БОЛА МА! Қазір Қазақстан Журналистер одағы төрағасы қызметін уақытша "ӘДІЛ СӨЗ" қоғамының басшысы Т.Калеева ханым атқарып отыр. Т.КАЛЕЕВА ханымның Қазақстан Журналистер одағынсыз, "Әділ сөз" қоғамында да  отырған қызметтері жетерлік. Ол кісінің Қазақстан Журналистер одағының жұмыстарымен айналысуға былайша да уақыты жоқ. Оның сыртында Т.Калеева ханым қазақ баспасөзіне шолу жасап, мониторинг жасап отыруға тілдік мүмкіндігі де, қазақ тілді көмекшілері де  жоқ,
ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ жекеменшік қоғам емес. Сондықтан, Қазақстан Журналистер одағы ТӨРАҒАСЫ қызметін Елдің, журналистердің мүддесін ойлайтын, қамтамасыз ете алатын ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ бар ЖУРНАЛИСКЕ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ АҚ.
Ондай ЖУРНАЛИСТЕР арамызда бар ма! Әрине, бар. 
Менің ойымша, Қазақстан Журналистер одағы төрағасының қызметін "Қазақ газеттері" ұжымын басқарып отырған Ж.КЕНЖАЛИНГЕ не "Президент және халық" газетін басқарып отырған Марат ТОҚАШБАЕВ тәрізді ақ жүрек журналистерге тапсыру керек.
Ал, жаңа құрылып жатқан "Қазақ тілді кәсіби журналистер" бірлестігіне келетін болсақ, Бірлестіктің аты да ұтымды қойылмаған. "Кәсіби", кәсіби" емес, деп журналистердің арасына жік салуға болмайды. Кез келген журналист басылымдарда, сайт, порталдарда қызмет істеп жүрген журналистер қоғам өміріне араласып, жазуға міндетті. Ал, кәсіби шеберлікті уақыт қалыптастырады. Сондықтан аты дұрыс қойылмаған бірлестіктің, заты да дұрыс болатынына күмәнім бар. 
Қорыта айтқанда, төрағаны қайта тағайындап, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ жұмысын жандандыру ҚАЖЕТ.

 

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының ардагері

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар