Үндістанның қыздары 5 жасында тұрмысқа шығады

/uploads/thumbnail/20170709210406406_small.jpg

 

Үндістанда балаларды некеге отырғызу қалыпты жағдай деп жазады bambukka.livejournal. Үндістанда заңмен ерте жастағы некеге тыйым салынса да, 50 ден 70% дейінгі қыздар 18 жасқа дейін тұрмыс құрады.

Жаңа некесі қиылған 11 жасар қалыңдық пен 13 жасар күйеуі. (2010 жыл)

Тойларынан келе жатқан 9 жасар қалыңдық пен 14 жасар күйеужігіт (2009 жыл)

Тойдағы дәстүр. Қалыңдық 5 жаста, жігіт 15-те. (1994 жыл)

Полиция бөлімшесінде 7 жасар күйеу бала әкесінің алдында отыр. Жанында 4 жасар қалыңдығы отыр.  

Раджастхан штатындағы жаппай некеге тұру рәсімі. Күйеу жігіт 16-да, қыз-13-те.

 

Балалар некесі Үндсітанда атам заманнан белгілі. Мәселен, Махатма Ганди мен Үндістанның бірінші президенті Раджендра Прасад 13 жасында үйленген. Кейінірек Ганди заңгер Хаар Биласа Шардуды жастайынан некеге отыруға тыйым салатын заң жобасын жасауды ұсынды. «Шарды заңы» 1929 жылы күшіне енді. Оның авторының өзі 9 жасында отбасын құрған.

Мұндай дәстүрдің Үндістанда кең етек жаюуының бірнеше себебі бар. 11 ғасырда мұсылмандар Үндістанды жаулап ала бастаған. Күйеуге шықпаған әйелдер әскерилердің құрбаны болған. Сондықтан ата-аналарын қыздарын өте жас кезінде күйеуге берген. Сонымен қатар, қызын тұрмысқа бермеген әке артықшылықтардан қағылады екен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар