Өздерін «түркішілмін» деп есептейтіндер, түркішілдіктің жолын қуушылар дәл осы идеологияның негізін салушылар мен оның тарихы хақында әлебетте хабардар болуы тиіс деп жазады http://turk-media.info
Ең алғашқы түркішілдіктің насихатшысы (венгр) маджар Арминиус Вамбери болған. Ол қазіргі Венгрия жерінде туылып, XIX ғасырдың 60-жылдарында Орта Азияда саяхаттаған. Осы жер тұрғындарының тілі мен шығу тегінің ұқсастықтарын алғаш рет ғылыми тұрғыда негіздеген тұлға А. Вамбери болды. Бір түркі тамырлары тек анатолиялықтар, татар, қырғыз бен маңғол емес венгрлер, финдар мен т.б. Еуразия халықтары арасында байқалған.
А.Вамбери ұсынған ілім Тұранизм идеологиясының негізі болып қалыптасты. Мажарстан - (Венгрия) Тұранизмнің орталығы. Түркішілдің идеясын насихаттайтын алғашқы еңбек «Байкалдан Балканға дейін» болды. 110 жыл бұрын дәл осы Мажарстанда «Туран» алғашқы түркологиялық фонды ашылған екен. Оның демеушілері мадьяр ауқаттылары болды.
Бұл уақытта Осман империясы түркішілдікден алыс болған. Түркішілдік идеологтары Фикрет Акчура және т.б енді-енді үгіт жүргізе бастаған уақыт.
Тұрандық идеология негізінде алғашқы саяси партиялар Мажарстанда пайда болған.
Венгрия социалистік мемлекетке айналған уақытта тұранизм дамымай кенже қалып қойған. Онымен қоса, «Тұран» фондының көпжылғы зерттеулеріне де тыйым салынды. Дегенмен де, КСРО құлаған соң, бұл иделогия қайтадан жанданды. Мәселен, түркітанушы ғалым Иштван Коңыр бәрін тастап Қазақтанға көшіп, өзін туған жерінде жерлеуге өсиет қалдырған.
Қазіргі кезде маджарлық тұранизмді зерттеп ж.рген ғалымдар қатарына Андраш Бироны жатқызсақ болады.
Мажарстанның ірі әрі мәдени жобаларының бірі Еуропадағы жалғыз «Ғұн мен тұрандық халықтар Құрылтайы». 2006 жылы жүргізілген экспедициядан кейін Андраш Биро сонда жиналған материалдар мен ДНҚ үлгілерін салыстыра келіп, қазақ руы мажарлар мен венгрлер арасында генетикалық байланыс бар екені анықталған.
Бүгінгі күні осы байланысты дәлелдеу мақсатында, халықаралық аренаға шығару мақсатында еңбек сіңіріп жүрген осындай тұлғаның бары қуантарлық жайт.
аударған
Назерке Мұса