ҰҚК жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне қатысты қылмыстық істерді жүргізетін болды

/uploads/thumbnail/20170709211123589_small.jpg

Жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне қатысты коррупциялық қылмыстық істерді жүргізу құқығы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілмек. Бұл туралы Парламент Мәжілісіне «ҚР-дың бірқатар заңнамаларына құқыққорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған республика Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстанда бұлтартпау шарасын таңдау кезінде тергеу судьясының өкілеттігін кеңейту жоспарланып отыр.

«Заң жобасы үш кодекске өзгерістер енгізеді, яғни Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер мен бірқатар заңдарды қамтиды. Құжаттың негізгі бағыттарына тоқталатын болсақ, тергеу судьясының күзетпен ұстауға санкция беру кезіндегі өкілеттігі кеңейтіліп отыр. Қолданыстағы нормалар бойынша тергеу судьясы адамдарға бұлтартпау шарасын қолданудың мақсаттылығын тек зерттеумен айналысатын. Енді оған күдікті бір мезгілде тексеру мен негізділігін қарауға міндеттеу ұсынылады, яғни негізгі күдікті қарастырудағы айғақтардың дәлелдігін қадағалау ескерілген. Бұл түзету процестің осы кезеңінде азаматтар үшін кепілдік беруді айтарлықтай күшейтеді»,-деді Меркель.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар заң жобасында жеңілдетілген бұлтартпау шараларын тағайындауда тергеу судьясының құқықтарын кеңейту ұсынылып отыр. Бұл тұрғыда ешқайда кетпеу туралы тілхат, жеке кепілгерлік және басқа да шаралар  қамтылған. 

Қатысты Мақалалар