Қазақстанда тұрған азамат қазақтарға ризашылығын видео арқылы білдірді. Айдалып Қазақстанға келген ата-бабаларының аман қалғанына алғысын жаудырды.
Украинадан, Солтүстіктен және т.б елдерден келген немістердің арасында Қазақстанда тұрған немістердің қонақжай, мейірімді, адамгершілігі жоғары болатынын байқағанын да жеткізді.
Қазақстанға жер аударып келгендердің 90% тірі қалғанын, оған қазақтардың жомарттығы мен көмек қолын созуға дайын тұратыны себеп екенін атап өтті.
Қазір Германияда тұратын неміс өзін қазақ деп есептейтінін және оны мақтан тұтатынын айтты. Себебі әлемде қазақтар секілді ұлтты көрмегенін жеткізіп, Германияға келген қазақтарға қол ұшын беруге дайын екенін айтты.