1918 жылы туылған американдық Роберт Уодлоу 18 жасында әлемге танылды. Оның ата-анасы мен әпке, інілері бойларының ұзындығымен ерекшеленбейтін. 4 жасына дейін кішкентай Роберттің басқа балалардан еш айырмашылығы болмады. Бірақ одан кейін сағаттап өсе бастады.

10 жастағы баланың әкесімен түскен суреті. Сол уақытта ол нағыз алыптың өзі болды. 9 жаста-ақ ол ата-анасын еш қиындықсыз баспалдақпен көтеріп, түсіре алатын.

Бала ешбір қиындықсыз мектепті бітіріп, жоғары білім алған. Алып адам заңгер болуды армандады. 18 жаста Роберт циркпен бүкіл елді аралап шықты. Салмақты мінезі мен мейірімділігінің арқасында ел арасында «Қайырымды алып адам» атанып кетті. Ең қызығы, жылдар өте жігіт өсуін тоқтатпады.

Роберттің бойының ұзын болуы гипофоза ісігі және акромегалиямен байланысты еді. 22 жасына қарай жігіт өте тез өсіп кеткендіктен балдақпен жүруіне тура келді. Дәл сол балдақ оның өліміне себепкер болды.

Балдақтан қажалып кеткен аяғына инфекция кіріп, нәтижесінде сепсис ауруына шалдықты. Тез арада қан ауыстырылса да жағдайы жақсармады.
22 жасында Жер бетіндегі ең ұзын адам ұйықтап жатып қайтыс болды. Роберт 1940 жылы дүние салды. Бүгінгі күнге дейін оның нәтижесін әлі ешкім қайталамады.
Дәрігерлік анықтамаға сай, жігіттің денесі өмірінің соңына дейін өскен. Қайтыс болған кезде оның денесі 272 сантимертрді құрады. Роберттің денесі салынған табытты зиратқа дейін көп адам көтеріп барған екен.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет