Димашқа Майкл Джексонның әнін орындауға кеңес берілді

/uploads/thumbnail/20170709212733919_small.jpg

Бұл Димаш біз ойлағаннан әлдеқайда өнерлі боп шықты. Әлбетте, оның аз уақыт ішінде жан-жаққа танылып үлгеруіне командасының еңбегі зор деп білемін. Жә, ертең жұмыс күні, әркімнің мазасын алмай әңгімемізді қысқа қайырайық. Атақты Майкл Джексонның "Billie Jean" атты туындысы бар. Мағынасын былай қоя беріңіз, бірақ ән деген сұмдық енді. Ешкім естімедім демейтін шығар. Оны 1983 жылдан бері қарай талайлар шырқап үлгерген де шығар-ау. Неге екенін қайдам, оның кеше түнде жарияланған кезекті бейнежазбасын тамашалап отырып "дәл осы әнді жоғары деңгейде орындап шығу Димаштың қолынан 101% келеді-ау" деген ой топ ете қалды. 
Бір қиыны - бұл ән өзіндік ерекше биімен қатар жүреді. Яки Димашқа аз уақыттың ішінде Майклдың небір қимылдарын үйреніп, көбірек еңбектену керек (деген сөз).

Келісіліп дайындалған жазба емес. Оның үстіне Димашқа ән таңдап беретіндей музыка маманы (домбыра үйірмесінің 3-сыныбын ғана тәмамдағанымды айтпағанда) емеспін. Бірақ дәл осы "Billie Jean" әні себепті Димаштың өнердегі бағы одан әрі ашыла түсетіндей. Сондықтан алыста жүрген Алпамыс (Димаштың продюсері) батыр бұл тілегімізді жауапты адамдарға жеткізеді (тыңдармандардың тілегі деп қабылдарсыздар) деп сенеміз. Солай ғой әлеумет?

Азамат Битан

 

Қатысты Мақалалар