Есігіңнің алдындағы итің сəл жоғалып кетсе іздеп жатасың, бүтіндей бір ұлтпыз тоғыз атқа қонар батырларымыздан айрылып, қайғырып отырған ешкімді көрмедім!? Көрші елде болған да осы жағдай көңіл айтып, жалау қою басталар еді. Тоғыз ұрпақ көбейтерлеріміз қыршын кетіп отыр, неге жан даусымызды шығармаймыз? Қашанғы осындай жəй жаттығулардан адам өлімі бола береді? Былтырда теңізде болған жаттығулардан да қаншама жастарымыз қайтқан еді. Бұған шектеу қоятын ешкім жоқ па? Военный полиция мен Военный прокуратура қайда қарап отыр? Бейбітшілік заманда жəй жаттығулардан тоғыз жігіт қайтыс болып отыр. Соғыс болса бүкіл ұлтымызды таппай қалатын шығармыз?! Кешегі Ақтөбедегі террористік актіде бүкіл гарнизон командирі туалеттің əйнегінен қашып кеткен деп сотты болып жатыр. Сонда біздің қауіпсіздік жағдаймыз да мəз емес пе? Осы сұрағыма маған жауап берсінші, тек теледидар ішінде батырмыз ба?
Айгүл Орынбектің фейсбук парақшасынан