«Биліктің атынан көңіл айта келген қос шенеунік азалы үйдің шаңырағын сыйламады»

/uploads/thumbnail/20170709212927664_small.jpg

Нәзия Жоямергенқызы есімді Facebook қолданушысы Жамбыл облысында апатта қайтыс болғандардың үйіне көңіл айтып келген қорғаныс министрінің төрде  аяқ киіммен отырғанын сынға алды.

«Қорғаныс министрі қапияда ажал құшқан боздақтардың бірінің үйіне келген. Төрге аяқ киімімен шығып кетіпті. Қасындағысы да солай. Аяқ киіммен отыр. Биліктің атынан көңіл айта келген қос шенеунік азалы үйдің шаңырағын сыйламағаны анық...» деп жазды Нәзия Жоямергенқызы. 

Естеріңізге салай кетейік, 17 ақпанда Жуалы ауданы Алатау ауылынан 35-40 шақырым жерде (Көксай шатқалында) қар көшкіні жүріп, 23 әскери қар астында қалған.

Көшкіннен кейін 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған.

 

Қатысты Мақалалар