Қазақстанның Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кезекті отырысына қатысу үшін Бішкекке жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды qamshy.kz.
ЕҮАК жұмысы аясында Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастар, шекара, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ЕуразЭО-ға мүше елдердің Үкімет басшыларының Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаевпен ұжымдық кездесуі жоспарланған.