Бердібек Сапарбаев түскі асты асханадан ішеді

/uploads/thumbnail/20170709222456730_small.png

Бердібек Сапарбаев халық арасында қарапайымдылығымен танылып жүрген азамат. Оның тұрмыс жағдайы төмен отбасыға пәтер бергенін БАҚ жарыса жазған еді. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осы жолы тағы да көзге түсті деп жазады qamshy.kz

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көп шенеунік менсіне бермейтін асханадан 120 теңгенің котлеті және 80 теңгенің картоп езбесімен түстенеді, деп жазды «Тілші».

Облыс әкімдігі ғимаратындағы жергілікті билік органы қызметкерлері үшін жұмыс істейтін асханада салат бағасы – 80-85 теңге. Оливье үшін 130 теңге сұрайды. Борщ, лағман, лапша секілді сұйық тағамдардың жарты порциясы – 250 теңге.

Картоп езбесі – 80 теңге, суға пісірілген күріш – 60 теңге. Манты, палау, қуырдақ, сәйкесінше, 270, 360, 400 теңге. Сүтсіз шай 30 теңге, сүт қатқаны — 50 теңге. Тәтті бөлке 30 теңгеден.

Әкімдік қызметкерлерінің дені аталған асханада көп көріне бермейді. Әсіресе, басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары әкімдіктің асханасына ешуақытта кірмейді екен.

Есесіне, әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың өзі түс мезгілінде үйіне бармаған жағдайда ас мәзірін асханадан алдыртады екен.

«Бірде әкімге деп подноспен картоп езбесі, котлет, компот апара жатқанын өз көзімізбен көрдік», - дейді әкімдік қызметкерлері.

Қатысты Мақалалар