Қазақстанның Украинадағы елшілігінің бастамасымен Киевтегі Жамбыл Жабаев қоғамдық кітапханасы негізінде алғаш рет Украинадағы қазақ диаспорысына қазақ тілін үйрену мүмкіндігі беріліп отыр.
Бұл бағдарламаға қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасын үйрету кіреді. Сонымен бірге, қазақтардың тарихи мұрасымен, қазіргі Қазақстан жағдайы, экономикасы турасында арнайы сабақтар өткізілу жоспарланып отыр деп хабарлайды qamshy.kz caravan.kz-ке сілтей отырып. Елші Самат Ордабаев салтанатты ашылу рәсімінде:
«Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан бірлігін нығайтудағы маңызды фактор» деп атап өтті.
Бұл клуб өз жұмысын Қазақстан мен Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарына 25 жыл толуына орай бастады.
«Бұл бастама екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына септігін тигізетініне сенім мол»-деді елші. Украинадағы қазақ диаспорасы өз кезегінде өз туған тілдерін үйрену мүмкіндігін беріп отырған елшілікке алғыстарын білдірді.