Наталья Морозова есімді азаматша әділдік сұрап zanoza.kg порталына хабарласқан., мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
Сокулук ауданының 26 жастағы тұрғыны Алексей есімді 6 жасар ұлымен серуендеуге шыққан. Жоғары жылдамдықпен келген көлік баланы қағып кеткен кезде анасы мен баласы жолда жүріп бара жатқан.
«Көлік 15 метр жүріп барып бірақ тоқтады. Көлік жүргізушісі біраз адам жиналып қалғанын көргеннен кейін көлігінен түскен. Түсіп алып бізге айқайлай бастады», - деп есіне алады Наталья.
Анасы есінен танып қалған баласы екеуін ауруханаға алып баруын талап еткен. Алайда, көлік жүргізушісі клиент көлікте күтіп отыр деп үзілді-кесілді бас тартқан. Белгілі болғандай, бүлдіршінді қағып кеткен ер адам такси жүргізушісі болған.
Дегенмен, ашынған ана өз талабын орындатқызып, тез арада Сокулук аудандық ауруханасына жеткізілген. Алексейге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, №3 балалар ауруханасына жіберген. Дәрігерлерді күтіп, анасына қандай көмек қажет екенін білуге такси жүргізушісі ұмтылмаған.
«Ол мені жынды деп айыптап, өзінің күте алмайтындығын айтты. Намазға асығып бара жатыр екен», - деп шағымданды Наталья.
Алексейге белі және жіліншігі сынған деген диагноз қойыпты, бала көп мөлшерде қан жоғалтқан. Бірінші күні-ақ балаға ота жасаған, кейіннен тағы да екі ота жасалуы қажет екен. Оқиғаға кінәлі Нұрбек Имнақұлов баланың ем-домын төлеуден бас тартып отыр.
Натальяның айтуынша, алғашқы екі күні Нұрбектің ағасы барлық шығындарды төлеген, алайда кейіннен тоқтатып қойыпты. Кінәлі такси жүргізушісі телефон қоңырауларына жауап бермей, отбасыға көмек көрсетпеген.
«Баламның еміне қаражат жеткізу үшін барлығымыз смартфондарымыз бен компьютерлерімізді сатып жібердік. Ал оның отбасы маған қысым көрсетіп жатыр», - дейді Морозова.
Бірнеше күн бұрын Нұрбек Иманқұловтың анасы мен әпкесі ауруханаға келіп, баланың апасымен жанжал шығарған екен. Әйелдің айтуынша, оның төрт баласы бар деп арызын қайтарып алуға үгіттеген. Оларға жауап ретінде «Біздің баламыз жағдайы ше?» деп айтып, сотқа дейін жеткізуге дайын екендіктерін айтқан.

Сокулук РОВД-ның тергеушісі де нақты ешнәрсе айтпай отыр. Қағып кеткен ер адамды тұтқындап немесе оның ешқайда кетпеуі керектігі жайлы үкім шығаруға асықпайтын көрінеді, бұл ісін такси жүргізушісін айыптайтын дәлелдердің жеткіліксіз болуынан деп түсіндіреді. Мұндай үкімді тек баланы ауруханадан шығарғаннан кейін ғана алуға болады екен. Ал баланы аяғына ота жасағаннан кейін барып қана шығарады. Оған өте қымбат мөлшерде платиналық штифт қажет екен.
Оған қаражатты ЖКО шенеунігі төлеуі қажет екен, алайда ол қоңырауларға жауап берми отыр. Қысқасы шешімі күрделі тұйықталған шеңбер болып тұр.
Аударған: Назерке Лабихан