Денесінің 70%-ы қалмен қапталған сәби 19 жылдан кейін қалай өзгерді? (фото)

/uploads/thumbnail/20170709222639955_small.jpeg

Адам баласы қандай денемен, түрмен дүниеге келетінін шешпейді. Алайда, өмірге келген соң өзіне берілген бейнемен өмір сүреді. Бұл сәбидің өмірі ойландырмай қоймайды.

Сиера есімді бүлдіршін 19 жыл бұрын дүниеге келген. Туылғаннан денесінің 70 пайызы қалмен қапталған. Алайда өзінің дәл осылай туғанына қуанды, себебі өзгелерге ұқсамайтын еді.

Сәбидің ата-анасы қыздарының елден алшақ болмауы үшін қолдарынан келгенін істеп-бақты. Бұл жылдар бүлдіршін үшін ауыр тиді, басқа балалардың күлкісіне қалды. Тіпті, үлкен кісілер де тесіле қарайтын. Мектеп бұзақылары оны «ала-құла ит» деп мазақтаған.

Иә, ол өзін басқаларынан өзгеше санады. Бірақ қоғамның көзқарасымен емес, өзіндік көзқарасы болды. Ол өз денесінен ешқашан да ұялған емес. Елдің пікіріне түкіре қарады. Өзін қашан да бақытты сезінуге тырысты, бақытты болды да.

 «Мені автобус ішінде бір жігіттің «ала-құла ит» деп атағанын естіп қалдым. Үлкен сынып оқушылары әрдайым мазақтап жүретін. Менің сыртқы келбетіме байланысты мазақ тіркестер шығарып алатын. Мендегі басты мәселе туғанымнан елден өзгеше болғаным».

Бірақ, кішкентай қалашықта дүниеге келгеніме қуанамын. Себебі, бұл мекенде мені бәрі танитын, сыртқа шығуға да қысылмаймын. Халық мені күнде көрген сайын, сыртқы келбетіме үйреніп те қалды.

Уақыт өте келе, маған айтылған теріс пікірлерге көз жұма қарайтын болдым».

Алайда анам «бұл қалдар періштенің сені сүйгенінің ізі» деп тынышталдыратын. Мені әрдайым бұзақылардан қорғап жүретін әкем де жанымда».  

Қатысты Мақалалар