«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының» қолдауымен "Kobyzbook" жобасы жүзеге асты деп хабарлайды qamshy.kz. Яғни қобызшыларға және қобызсүйер қауымға арналаған ұялы телефон құрылғысы және сайт - қазақ халқының дәстүрлі музыка өнеріндегі ең алғашқы инновациялық оқу құралы.
Бұл электронды оқу құралында:
-қобыз аспабының шығу тарихы,
«қобыз» атауының мән-мағынасы,
-жасалуы,
-зерттелуі,
-қобызды ұстау, тарту, қолдардың дұрыс қойылуы жайында мол мағлұмат берілген.
Сондай-ақ, Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Нышан, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев және т.б. қобыз өнерінің ірі өкілдері мен қазіргі заман қобызшыларының шығармашылығы туралы тың деректер жинақталған.
-жүз сексенге жуық қобыз күйлері топтастырылған;
--сол күйлердің аңыздары мен шығу тарихы жазылған;
-жиырмадан астам қобызға лайықталған домбыра күйлері қосылған;
- бұрын-соңды қобызда орындалмаған халық және халық композиторларының әндері енген.
-әр туындының нотасы көрсетілген;
-әр туындыға қатысты бейнезатындар қосарланған;
-әр туындының аудионұсқалары да берілген;
-Әр туындыны орындауға арналған орындаушылық-әдістемелік нұсқаулар айтылған,и көрсетілген..
"Kobyzbook" - орта және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне, жалпы қобыз аспабына қызығатын жандарға арналған электронды оқу құралы.
Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік азаматтар кез келген уақытта, әлемнің кез келген жерінде жүріп ғаламтор көмегімен қазақ және ағылшын тілдерінде берілген осы электронды оқулықты пайдалану арқылы қобыз аспабын үйрене алады.
Бұл электронды құралдың білім беру жүйесіндегі «Мамандық», «Қылқобызшылар ансамблі», «Орындаушылық шеберлік», «Туыстас аспаптарды меңгеру» сияқты пәндерді жаңа әдістемелік затындармен толықтырып, оқу үдерісін жақсартуға ықпалын тигізеді.
"Kobyzbook" - қазақ халықының аспаптық музыка мәдениетіндегі қылқобызға арналған тұңғыш электронды оқу құралы.
Ол сондай-ақ:
- қобыз аспабын меңгерген өнерпаздардың кәсіби біліктілігін арттыратын;
- заманауи таным мен талғамға сай жасалған;
- цифрлы технологияның мүмкіндігін пайдаланудағы зор ғылыми-шығармашылық ізденіс нәтижесінде дүниеге келген;
- әлемде ағылшын тіліндегі ең алғашқы электронды оқу құралы.