23 жасар Индия тұрғыны Шабана Хатун екі басты, үш қолды бала босанды деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы Daily Star газеті жазады.
Дәрігерлер баланы әйелдің ішін кесіп (кесарево сечение) алған. Бір емес бірден 8 акушер-дәрігерлер осы отаны жасауға күш жұмсаған.
Жас ана егіз босамын деп ойласа керек. Алайда, екі басты бала туылғанда тіпті, дәрігерлердің өздері мұндай ауытқудың себебін анықтай алмаған. Екі басты баланың анасы өз кезегінде ештеңемен ауырмағандығын айтқан.
Өкінішке орай бала бір күн өтпестен көз жұмған.