Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов шетелге кетпес бұрын жанкүйерлерімен кездесті деп хабарлайды qamshy.kz Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшының қолтаңбасын алып, ақ жол тілеуге көптеген жанкүйерлері келген.
Данияр Елеусінов шетелде кәсіби бокспен айналыспақ.
«Менің ойымша ол зор жетістіктерге жетеді. Елеусінов өте талантты спортшы. Ол Қазақстанның атынан шығып тұрады. Әрине елде оны жақсы көретін халқы бар екенін ұмытпайды» дейді боксшы жанкүйері Әсел.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов бірнеше жыл Қазақстан бокс құрамасының капитаны болған. Бразилияда өткен олимпиада да алтын медаль жеңіп алды.